Mediabridge

Жаңа Салық кодексі: бизнес үшін не өзгереді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңартылған Салық кодексі күшіне енеді. Бұл құжат салық жүйесін жеңілдетумен шектелмей, салық салудың тұтастай жаңа қағидаттарын енгізуге бағытталған.

Реформаның мақсаты – шағын және орта бизнесті дамытуға серпін беретін икемді әрі әділетті модель қалыптастыру, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш жаңа режим – барынша қарапайым және икемді

Жаңа кодекстегі басты жаңалық – арнайы салық режимдерінің саны жетеуден үш негізгі түрге қысқарады:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін: 4% мөлшерлеме, жылдық табыс 15 млн теңгеге дейін. Бұл режим жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді және артық бюрократияны болдырмайды.
  • Жеңілдетілген декларация: жылдық айналымы 2,36 млрд теңгеге дейінгі кәсіпкерлерге арналған. Базалық мөлшерлеме – 4%, бірақ маңызды ерекшелігі – жергілікті мәслихаттар бұл мөлшерлемені 2%-дан 6%-ға дейін өзгерте алады. Бұл әр өңірдің экономикалық жағдайына бейімделуге жол ашады.
  • Шаруа және фермер қожалықтары үшін: бұрынғы режим сақталады, бірақ енді бірыңғай жер салығының орнына жеке табыс салығы енгізіледі.
Exit mobile version