Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, 24 шілдеде Ресейдің Амур облысында Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 жолаушылар ұшағы радарлардан жоғалып кеткені белгел болды.
Ресей ТЖМ мәліметінше, ұшақ Тында қаласы әуежайынан бірнеше шақырым жерде радарлардан жоғалған.
