Қазақстанның стратегиялық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы маңызды мәлімдеме — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында су ресурстары саласы ерекше назар аударуды талап ететін өзекті мәселелердің бірі ретінде бірнеше рет көтерілді. Бұл мәлімдемелер еліміздің су ресурстарын қолдану және басқару жүйесін түбегейлі жаңғырту қажеттігін айқындап берді.

Біріншіден, Мемлекет басшысы елімізде су ресурстары саласы әлі де «критикалық жағдайда» тұрғанын ерекше атап өтті. Әсіресе, су тапшылығы, оның тиімді пайдалану мәселелері сондай-ақ су ресурстарын басқарудағы жүйелік кешеннің әлсіздігі туралы айта келе, бұл саланың бүгінгі күні нақты әрі үйлестірілген менеджментке толықтай мұқтаж екенін жеткізді. Осыған байланысты 2023 жылы Су ресурстары министрлігі құрылды, сонымен қатар су кодексі бекітіліп, су саласындағы мамандарды даярлайтын университет ашылды. Алайда, бұл алдыдағы үлкен міндеттердің жалғыз шешімі емес екенін атап өтті. Нақты басқару жүйелерінің, яғни, су ресурстарын басқарудың технологиялық және ұйымдастырушылық негіздерінің әлі орнықпағанын жеткізді.
Екіншіден, Жолдауда жерасты және жерүсті суларын тұтыну деңгейі, олардың шығыны жөнінде нақты мониторингтің жоқ екенін атап өтті. Бұл — су ресурстарын тиімді пайдалану үшін аса маңызды бағыт. Сондықтан Президент цифрлық бақылау жүйесін құру қажеттігін эмоционалды түрде айтып, оны жасанды интеллектпен байланыстырудың маңыздылығына тоқталды. Бұл орайда, еліміздегі су тұтыну көлемін нақты анықтау, бақылау және болжау мүмкіндігін арттыратын жаңа технологиялар заман талабына сай қажет екені тағы бір мәрте айтылды.
Үшінші маңызды мәселе — агроқұрылымдар мен шаруаларда суды қолдану бойынша бақылаудың әлсіздігінде. Нақты шарттар қойылмағандықтан, судың тиімсіз жұмсалуына, оны негізсіз пайдалануына жол беріледі. Бұл мәселеге де Президент ерекше назар аударып, су пайдалану кезінде бақылау механизмін күшейту, тиісті заңнамалық шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, су ресурстары мен олардың технологияларында да біршама мәселелер бар. Көптеген жағдайда, технологиялар мәз емес, олар жаңартуды талап етеді. Бұл бағытта Қытайдың замануи техникалары мен технологияларына тапсырыс беруге болатынын атап өтті. Ағымдағы уақытта Қазақстанның солтүстік аймақтарында Аралдың негізгі бөлігін сақтап қалу мүмкін болды. Алайда, оңтүстіктегі Аралды толық құтқару мүмкін болмағаны өкінішті жағдай ретінде бағаланды. Сонымен қатар, Каспий теңізінің тартылуы да халықаралық деңгейдегі алаңдаушылық тудырып отыр.

Қытайда өткен кезекті ШЫҰ жиынында ел Президенті тарапынан ұсынылған бірыңғай ШЫҰ су бақылау орталығын құру идеясын ұсынды. Бұл орталық арқылы ұйымға мүше елдердегі су ресурстарының қоры, пайдалану деңгейі мен жағдайын бір орталықтан бақылау мүмкіндігі туады, әрі ол тұрақты әрі нақты кері байланыс құруға мүмкіндік береді деген тұжырым айтылды.
Қорытындылай келгенде, Қазақстан Президентінің 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында су ресурстары саласын жаңа технологиялар мен басқару әдістеріне көшіру қажеттілігі айқындалды. Бұл — ел экономикасын, экологиясын және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартудағы маңызды қадамдар. Су ресурстарын сақтап калу мен тиімді пайдалану — ел болашағы, сондықтан оған ерекше назар аудару қажет.Өз кезегінде жергілікті және халықаралық әріптестік, жаңа технологиялар мен нақты заңнамалық база арқылы еліміз су ресурстары саласында қауіпсіз әрі тұрақты даму жолына түсері анық.
