Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жазғы спартакиаданың ашылуы өтті. Бұл күні жазасын өтеушілер бұқаралық спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынасып, жеңіске жету жолында алдарына жан салмады. Нәтижесінде, шеберлігімен барлық қарсыластарынан қапыда қалдырған арнайы контингент өкілдері мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.
– Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздейді. Жалпы, спортпен шұғылдану – әрбір адамның ақыл-ойын дамытып, оның әркез сергек және белсенді жүруіне оң ықпал етеді. Ал пенитенцианарлық жүйеде жазасын өтеушілерді түзелудің жолына түсірудің бір тетігі – спорттық-мәдени іс-шаралар. Бұл күнде сотты болғандардың бойында адамгершілік тәрбие мен моральдық-этикалық түсінікті арттыру мақсатында мұндай шаралар жүйелі түрде өткізілуде, – делінген ақпаратта.
