Редакция таңдауы

Ұлттық Банк зейнеткерлерге интернет-алаяқтық туралы ескертті

Ұлттық Банк заманауи цифрлық технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістерін пайдалана отырып, егде жастағы азаматтарға қарсы бағытталған алаяқтық әрекеттердің жиілеп бара жатқанына назар аударады.

Теріс пиғылды адамдар психологиялық қысым мен манипуляция әдістерін қолданып, шатастыру үшін түрлі сценарийлерді белсенді қолданады. Әдетте, алаяқтар оқыстан әрекет етеді: қоңырау шалады немесе хабарлама жібереді, әңгіме айтқанда табандылық танытады, адамды эмоциялық тепе-теңдіктен шығаруға және ойланбай шешім қабылдауға мәжбүрлеу үшін қысым көрсетеді.

Алдаудың мынадай схемалары жиі қолданылады:

  • өздерін зейнетақыны “қайта есептеп” беретін немесе қосымша төлемдерді уәде ететін зейнетақы қорының қызметкерлері деп таныстырады;
  • өздерін жинақтарды көбейту не сыйақыларды төлеу бойынша “тиімді” ұсыныстары бар сақтандыру компанияларының өкілдері ретінде таныстырады;
  • бір кездері дәрілік заттар сатып алынған жосықсыз компанияны сотқа бергенін және олардан өтемақы алатынын хабарлайды, соған орай дербес деректерді беруді және қаржылық операцияларды жүзеге асыруды сұрайды;
  • туыстарының ойдан шығарылған проблемалары (апат, қиындықтар) туралы хабарлап, оқыс оқиғаларды ойлап табады және ақшаны курьерге шұғыл беруді талап етеді;
  • өздерін құқық қорғау органдарының немесе Ұлттық Банктің қызметкері деп таныстырып, жылжымайтын мүлікті сатуға және ақшаны іс жүзінде алаяқтарға тиесілі “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндіреді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар