Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары сезген жер сілкінісіне мамандар мониторинг жүргізді, деп хабарлады Zakon.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ “Қазселденқорғау” ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
