Талғарда жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың бірі босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әңгіме Думан Ысқақ туралы болып отыр. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.
“Думан Ысқақ бірінші инстанция соты тағайындаған жазасын өтегендіктен, 2025 жылдың 23 шілдесінде Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, Ысқақ қамаудан босатылды”, – деп жазды заңгер Instagram парақшасында.
