Редакция таңдауы

Шымкенттік жеңіл атлет Азия чемпионатында топ жарып, ел рекордын жаңартты

Гонконгте жеңіл атлетикадан жастар арасындағы (U20) кезекті Азия чемпионаты мәресіне жетті. Мамырдың 28-і мен 31-і аралығында өткен құрлықтық додаға Азияның 30-дан астам елінен 600-ден астам кіл мықты спортшы қатысып, бақ сынасты. Дүбірлі жарыста ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасының сапында 45 спортшы болса, оның сегізі Шымкент қаласындағы №2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.

Жарыстың үшінші күні Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Шымкенттік спортшы Максим Сажнев диск лақтыру сайысында 60,45 метр нәтижені көрсетіп, қарсыластарының бәрін артқа тастап, Азия чемпионы атанды. Бұл көрсеткіш спортшының жеке жетістігі ғана емес, Қазақстанның U20 жас санатындағы соны рекорды ретінде тіркелді.

Осы спорт мектебінің тағы бір үміті Богдан Гончаров та жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ол 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 13,74 секунд уақыт нәтижесімен 5-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш те Қазақстанның U20 жас тобындағы жаңа рекорды болып есептеледі. Осылайша Богдан алдағы әлем чемпионатының нормативін сәтті орындап шықты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар